Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

Оңтайлы техникалық сипаттамалар мен МТ-ң клиникалық-техникалық негізінің сараптамалық бағасы Әдіснамаға сай жүзеге асырылады.

Сараптамалық баға қоғам мен тапсырыс беруші арасында жасалған қызмет көрсету туралы келісімшарт негізінде, аталған Қоғам Реттемесінің 2 бөлімінде анықталған тәртібі мен уақытында жүргізіледі.

МТ-ң сараптамалық бағалауын жүргізу үшін, жасалған келісімшарт негізінде, тапсырыс беруші Қоғамға төмендегі құжаттармен бірге өтініш тапсырады:

1) МТ атаулары тізімі;

2) Әр МТ атауына КТН, ол Қоғам Реттемесінің 23-қосымшасына сай форма бойынша МТ түріне байланысты толтырылуы керек;

3) МТ бастапқы және ұсынылатын үлгілерінің (қажет жағдайда) ТС, Реттеменің 24-қосымшасына сай форма бойынша толтыру қажет.

Сондай-ақ, екі ТС-да міндетті түрде үлгінің көрсетілімі, өндірушісі және МТ толық жасақтамасы МТ тіркеу құжатына сай болуы керек;

4) Қоғам Реттемесінің 25-қосымшасына сай форма бойынша толтырылған, негізгі, қосымша толымдауыштар мен шығын материалдарының құны көрсетілген КҰ.

Жоғарыда аталған құжаттарға қосымша, тапсырушы Реттеменің 26-қосымшасына сай форма бойынша толтырылған жобаланған және салынып жатқан денсаулық сақтау нысандары үшін МТ құны бойынша мәліметтерді береді.

Тапсырыс беруші МТ сатып алу қажеттілігін келесі талаптар бойынша негіздейді:

1) Сұралатын МТ-ға көрсетілуі жоспарланған медициналық қызметтердің болуы және саны;

2) Сұралатын МТ жұмыс істеуі үшін штатта қажетті мамандардың болуы;

3) Ғимараттар мен басқа техникалық шарттардың сұралатын МТ техникалық пайдалану талаптарына сай болуы;

4) КТН-де жалыған медициналық қызметтерді көрсету үшін негізгі, қосымша құрамдастар, қызметтер, режимдер, опциялар, бағдарламалық жасақтамалары көрсетілген осы құрамдаудағы МТ функционалдылығына негіздеме.

Барлық ұсынылған құжаттарға тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның орынбасары қол қойған және мөр басылған (бар болса), КТН және ТС тігілген, нөмірленген.

Тапсырыс беруші ұсынған өтініш толық емес және қателіктері болған жағдайда, қоғам өтінішті тапсырыс берушіге қараусыз қайтарып беруге құқылы.

Загрузка