Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі
Құрметті лизинг алушы,

Медициналық техниканы сізге тапсырғаннан кейін мекемеңіз «КазМедТех» АҚ медициналық техниканы лизингке беру бойынша тең құқылы әріптесі болады. «КазМедТех» АҚ қаржылық лизинг келісім-шартының мерзімі аяқталғанға дейін жобаны сүйемелдейді.

1. Медициналық техниканы тапсыру

Медициналық техниканы тапсыру үш жақтың қатысумен өткізіледі: Жеткізуші, Лизинг алушы және Лизинг беруші («КазМедТех» АҚ). Техниканы тапсыру барысында үш жақты актқа қол қойылады әр тарапқа бір-бір данадан (Қаржылық лизинг келісіміне 2 қосымша).

Техниканы алар кезде оның техникалық спецификацияға сай болуына назар адурғаныңыз жөн (Қаржылық лизинг келісіміне 1 қосымша).

Егер зауыттан кеткен ақау болған жағдайда, оның пайдлануға сай еместігін көрсететін үш жақты акт толтырылып, қол қойылады. Жеткізуші тараптан осы жағдай түзетілгеннен кейін ғана техника тапсырылады.

Тапсырысқа беру уақытына дейін жеткізуші жақ сіздің мекемеңізге техниканы орнатып, медициналық қызметкерлерді оны қолдануға үйретуі тиіс. Сонымен қатар, жеткізушіден медициналық техникаңыздың үздіксіз қызмет етуі үшін қосымша материалдарды алу жөнінде ақпаратты толыққанды алған жөн. Жеткізушінің өңірлік менеджерінің байланыс нөмірлерін алып алғаныңыз абзал.

Лизинг төлемдерін төлеу кестесіне қол қою алдында медициналық техниканы пайдалануды бастау мерзіміне және ай сайын медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті лизинг төлемдерін толық төлеп отыру үшін медициналық қызметтердің (ары қарай – АД)  санына мән беру керек (Қаржылық лизинг келісіміне 2 қосымша).

Медициналық техниканы қабылдап алғаннан кейін:

1. Медициналық техниканы сақтандыруға келісім - шарт жасаған жөн.  Сақтандыру келісім – шартының талаптары қаржылық лизинг шартының 4 қосымшасына сай болу керек.  

2. Келісім – шартты медициналық техника қабылдап алынғаннан кейін 15 жұмыс күнінде жасалуы тиіс.  (әр күнге қосымша 0,1% айыппұл төленеді).

3. Келісім – шарттың бір данасын «КазМедТех» АҚ жолдануы тиіс.

4. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментімен денсаулық сақтау басқармасымен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша қосымша келісім жасау керек. Мұндай келісімді сіз жыл сайын жасау керексіз.

Қосымша келісім- шартты жасауға арналған құжаттар:

·         Қаржылық лизинг туралы келісім – шарттың нұсқасы

·         Лизинг сомасын қайтару кестесінің нұсқасы,

·         Тапсыру актісінің көшірмесі 

 

2.     Медициналық техниканы пайдалану

Лизинг төлемдерін қайтару кестесінде жазылған техниканы  пайдалануға болатын күнінен бастап қолдануыңыз керек.

2.1. Жұмыс істеуді қалай бастау керек және көрсетілген қызметті дұрыс рәсімдеу қажет

Медициналық техникамен көрсетілген қызметтерді рәсімдеу үшін сіздерге медициналық техниканың коды көрсетілген келесідей штампқа тапсырыс беру керек: «С использованием медицинской техники в лизинг» және жеке журнал ашуыңыз керек «Лизингке алынған медициналық техникамен көрсетілген қызметтерді тіркеу журналы». Сонымен қатар, 2010 жылы 23 қарашада бекітілген  № 907  (23.11.2010) «Денсаулық сақтау мекемелерінің алғашқы медициналық құжаттамасы формаларын бекіту туралы» бұйрыққа сай медициналық қызметкерлер барлық көрсетілген қызметтерді тіркеп, есеп жасау керек.

Медициналық техниканың коды «КазМедТех» АҚ тарапынан беріледі және техниканы тапсырғанға дейін хабарланады.

Көрсетілген қызмет келесідей құжатарға енгізілуі тиіс:

  • Алғашқы медициналық құжаттамада – алғашқы медициналық құжатта штамп қойып, мөр қойып науқастың аурулар туралы кітапшасына салып (анализдердің нәтижелері мен УЗИ қорытындысы) қою керек (Құзыретті органмен бекітілген көрсетілген медициналық қызмет ережесіне сай).
  • Медициналық техникада «Лизингке алынған медициналық техникамен көрсетілген қызметтерді тіркеу журналы» болуы тиіс, қызмет көрсеткен медицина мамандары тиісті мәліметтерді жазып отырады. Штампқа мысал:

2_2016082570802749.jpg

2.2. Стационарлық аурулардың электрондық регистріне мәліметтер енгізу  («Стационарлық аурулардың электрондық регистрі» бұдан әрі - САЭР) /«Ауыл шаруашылығы денсаулық сақтау» ақпараттық жүйесі /«Онкотіркеу» ақпараттық жүйесі/ «Емхана» ақпараттық жүйесі.

ТД-не  ай сайын лизинг төлемдерін реестрлер шотына сай қайтарады. Қызметтердің санын дұрыс есептеу үшін ай бойы көрсетілген медициналық қызметтердің мәліметтерін стационарлық аурулардың электрондық регистріне енгізу керек. («Стационарлық аурулардың электрондық регистрі» бұдан әрі - САЭР) /«Ауыл шаруашылығы денсаулық сақтау» ақпараттық жүйесі /«Онкотіркеу» ақпараттық жүйесі/ «Емхана» ақпараттық жүйесі. Мәліметтер ауруханадан шыққан науқастың ауруға байланысты тарихынан алынды.

Осы медициналық техникада көрсетілетін медициналық қызметтердің тізімі Стационарлық аурулардың электрондық регистріне «КазМедТех» АҚ тарапынан сіздер клиникалық – техникалық негіздемеде көрсеткен немесе кодтар көрсетілген хаттарыңызға сай  («Стационарлық аурулардың электрондық регистрі» бұдан әрі - САЭР) /«Ауыл шаруашылығы денсаулық сақтау» ақпараттық жүйесі /«Онкотіркеу» ақпараттық жүйесі/ «Емхана» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

САЭР де кодтар болмаса, сізге жазбаша түрде «КазМедТех» АҚ өкілдігіне САЭР бағдарламасына медициналық қызметті қосуға байланысты өтініш жасау керексіздер. Хат алынған соң жаңа медициналық қызметтің түрі бағдарламаға сол күні енгізіледі.  Егер қызмет шықпаған жағдайда өңірлік немесе Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (ДДРО) бас кеңсесіне хабарласу керек.

3. Лизинг төлемдерін өтеу және оларды «КазМедТех» АҚ төлеу тәртібі

3.1. Лизинг төлемдерін медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаментімен денсаулық сақтау басқармасы тарапынан өтеу

 АД\ДБ денсаулық сақтау ұйымының лизинг төлемін үкіметтің 07.12.2009 ж. № 2030 бекітілген қаулысына сай қаржылық лизинг негізінде алынған медицина техникасы үшін өтейді.                                                                                                                                                                                                     

Лизинг төлемдерін қайтару ай сайын лизинг кестесінде көрсетілген медициналық қызметтің санына байланысты:

А) Жоспар 100% орындалса – төлемдер толық қайтарылады. Егер сіз жоспраланған медициналық қызметтерді көрсетсеңіз айдың 10 күніне дейін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қоса АД \ денсаулық сақтау басқармасы есеп берілетін айға 100% қайтарады.

Б) Жоспар орындалмаса – егер жоспарды орындамасаңыз, лизинг төлемі көрсетілген медициналық қызметке сай қайтарылады. Осы ретте сізге жетіспеген қаржыны «КазМедТех» АҚ ауруханаңыздың өз қаражаты есебінен қайтару керексіз  (Мысалы: ақылы қызметтерден).

В) Жоспарды 100 % асыра орындасаңыз – егер жоспарды асыра орындасаңыз, онда кестеге сай бір айлық лизинг төлемін бересіз

Көрсетілген қызметтеріңіздің саны ай аяқталғаннан кейін сіздің тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін төлеу үшін АД\ДБ беретін есептік – реестрлерде көрсетіледі. САЭР  /«Ауыл шаруашылығы денсаулық сақтау» ақпараттық жүйесі /«Онкотіркеу» ақпараттық жүйесі/ «Емхана» ақпараттық жүйесі берілетін сома көлемі тек бір ғана айлық лизинг төлемі көлемінде болса да, шын мәнінде жасалған медицинлық қызметтердің санын көрсеткен абзал.

«КазМедТех» АҚ клиника – техникалық негіздемеде көрсетілген медициналық қызмет түрлерінің орындалып жатқаны  бойынша бақылау жүргізеді, себебі техниканың бағасы Сіздер тарапынан берілген медициналық қызмететрдің түрлеріне байланысты қойылды.

3.2. «КазМедТех» АҚ лизинг төлемдерін төлеу

Лизинг төлемдерін «КазМедТех» АҚ айдың 20 күнінен кешіктірмей төлеу керек. Мәселен, егер Сіз 1-ден 31-ші мамырға дейін қызмет көрсетсеңіз, Сіз 10 маусымға дейін АД лизинг төлемдерін алу керексіз, ал 20 маусымға дейін «КазМедТех» АҚ лизинг төлемін өтеу керек.

  «КазМедТех» АҚ шоты қаржылық лизинг келісім-шартында көрсетілген.

100 % көлемінде лизинг төлемі кестеге сай 20 күніне дейін төленуі керек. «КазМедТех» АҚ қаржы түскен күні лизинг қаржысы төленді деп есептеледі. Егер Сіз АД лизинг төлемінің қаржысын толық алмасаңыз, аурухананың өз қаржысының есебінен лизинг сомасын толық өтеуіңіз керек.

Егер Сіз төлемді уақытында өтемесеңіз, Сізге әр күн сайын қарыз болған қаржы көлеміне 0,1 %көлмінде айыппұл салынады.

3.3. Лизинг төлемін уақытында өтемеген немесе мүлдем төлемеген жағдайда қолданылатын шара  

Қаржылық лизинг келісім-шартына қол қойылғаннан кейін лизинг алушы лизингті төлеуді өз міндетіне алады. Егер лизинг төлемі уақытында өтелмесе айыппұл салынады, оны лизинг алушы өз ауруханасының есебінен төлеуі тиіс. Егер лизинг алушы төлемді екі (2) немесе одан да көп жағдайда уақытында төлемес немесе толық өтемесе бұл лизинг беруші тарапқа  ойлануға түрткі болады. Тіпті лизингтағы техниканы алып алуға дейін баруы ықтимал.

4. Медициналық техниканы сақтау мен оны жөндеу

4.1. Медициналық техниканы сақтау жауапкершілігі

Қаржылық лизинг келісім-шартының орындалуына және лизинг төлемдерінің толық өтелуіне дейін техника «КазМедТех» АҚ тиесілі болады. Оны сатып немесе жалға беруге және басқа адамдарға пайдалануға беруге тыйым салынған (басқа денсаулық сақтау ұйымдарына). Медицинлық техниканың сақталуына лизинг алушы жауап береді.

4.2. Медициналық техника сынып қалса

Егер медициналық техника сынып қалса, Сізге сол күні жеткізуші мен лизинг берушіге хабарлау керек. Жеткізушіге Сіз сынған жерді толық жөндеуге байланысты өтініш жібересіз, ал «КазМедТех» АҚ олқылық жөнінде жазбаша түрде хабарлау керек. Қаржылық лизинг және техниканы алу жөнідегі келісім-шартқа сай кепілдік мерзімі бар, сол мерзім ішінде жеткізуші жақтың есебінен техниканы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

4.3. Медициналық техника істен шыққан кездегі лизинг төлемдерін төлеу тәртібі

Егер сіз медициналық техниканың істен шыққан кезінде қызмет көрсетпесеңіз де, лизинг алушы тараптың міндеті ретінде ақы төлеу жөнінде жауапкершілік сақталады

 

5. Медициналық қызметтердің есебі.

Медициналық техникамен көрсетілген қызметердің саны келесідей жүргізіледі. Науқасқа жасанды түрде демалуға арналған қызмет бірнеше күн қатарынан жасалса, онда күнтізбеклік күндер есепке алынады. Егер науқасқа арасына уақыт салып бір күнде бірнеше қызмет көрсетілсе, ондай жағдайда науқастың медициналық техникаға қосылған саны есептеледі.

Медициналық қызметтің осы әдістемесін ескере отырып, келесіні хабарлаймыз:

1.     Егер науқас сағат  16:00 медициналық техниканы қолдана бастап, келесі күні сағат 10:00 аппараттан ажыратылса екі қызмет деп есептеледі;

2.      Егер науқас медициналық техниканы үш тәуліктен астам уақыт қолданып жатса, төрт қызмет деп санау керек;

3.      есепке күнтізбелік күндерді алу керек.

6. Медициналық техниканы лизинг алушының иелігіне беру

Қаржылық лизингтің барлық талаптары орындалғаннан кейін және тиісті құжаттар рәсімделгеннен кейін, медициналық техника лизинг алушының иелігіне өтеді.

«КазМедТех» АҚ

тел 8(7172)695500 (ішк -_______)

kmt@kmtlc.kz

2_2016082570812325.jpg


Загрузка