Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

    Денсаулық сақтау ұйымдарының лизингтік жобалар шеңберінде медициналық техникаға сараптамалық бағалаудың әкімшілік процедураларын жеңілдету жөнінде ұсыныстары мен тілектерін ескере отырып, «ҚазМедТех» АҚ сараптау процесін оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізді:

-         Сараптау мерзімі екі есе қысқарылды,

-         Ұсынылатын қажетті құжаттар саны азайды,

-         Денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық техникаға арналған құжаттарды жинау бойынша жүктеме алынып тасталды.

    Осылайша, «ҚазМедТех» АҚ алдын-ала бағалау кезеңінде медициналық техника туралы ақпаратты тікелей ресми дистрибьютордан / Қазақстан Республикасының аумағында өндірушінің ресми өкілінен сұрайды.

    Сараптамалық бағалаудың жаңа үлгісі денсаулық сақтау ұйымдарына жүктемені жеңілдету мен делдал-жеткізушілерді жоюды қамтамасыз етеді.

    «ҚазМедТех» АҚ медициналық техниканың құнын негіздеу үшін құжаттарды жинау бойынша бүкіл жұмысты өзіне алады. Бұл оңтайландыру денсаулық сақтау ұйымдарына уақытты үнемдеуге және медициналық техниканы қысқа мерзімде сатып алуға мүмкіндік береді.

Тізімге қайта оралу

Загрузка