Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

Командировка_01.jpg

«ҚазМедТех» АҚ 2018 жылдың 28 қарашасында Батыс Қазақстан облысының «№1 қалалық емханасы» ШЖҚ ҚМК аумағында Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік және қаржы бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Медициналық техникамен медициналық қамтамасыз етудің кешенді тәсілі» тақырыбында кездесу-жиналыс өткізді.

Кездесуде мынадай мәселелер талқыланды:

- сатып алынатын медициналық техниканың жоғары бағаланған құны;

- медициналық жабдыққа нақты қажеттілік туралы деректердің болмауы;

- медициналық жабдықты сатып алу кезінде негізсіз толықтаушылар.

Осы проблемалы мәселелердің нәтижесінде іс жүзінде қажетсіз медициналық техниканы сатып алуына, жұмыссыз тұруына, негізсіз жоғары құны бойынша сатып алуына, белгілі бір медициналық қызметтердің болмауына әкеліп соғады.

«ҚазМедТех» АҚ көтерген мәселелерді шешу үшін медициналық жабдықпен жабдықтауға кешенді тәсіл ұсынады, оған мыналар кіреді:

1.                     Денсаулық сақтау ұйымы жабдық туралы есебімен медициналық техниканың болуы туралы және медициналық жабдықтың тозу деңгейі туралы мәліметтер базасын қалыптастыру.

2.                     Қолжетімді медициналық жабдықты тексеру, медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамалары мен клиникалық-техникалық негіздемесі бойынша түпкілікті қажеттіліктерін және санын анықтау үшін денсаулық сақтау ұйымына іссапарға шығу.

3.                     Жоғарыда көрсетілген сараптамаларды өткізу.

Сондай-ақ кездесу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес бір көзден сатып алу тәсілімен медициналық техникамен жабдықтауға кешенді тәсіл бойынша қызметтерді алу мүмкіндігі туралы түсіндірілді.

Кездесу қатысушылары болашақ ынтымақтастыққа өзара қызығушылық танытты.

Тізімге қайта оралу

Загрузка