Сұрақ қою
Медициналық техниканың лизингі

Медициналық техниканы сатушы келесідей талаптарға сай болу керек:


  • Қазақстан Республикасының заңдарына сай берілген мемлекеттік органның немесе халыққа қызмет көрсету орталығының белгісі бар бөлшек және/немесе көтерме жүргізуге электрондық құжат түрінде талоны болуы тиіс;
  • кәсіби біліктілігі болуы керек, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығында бір жылдан кем емес уақыт жұмыс тәжірибесі болуы қажет (бұл талаптың өндірушілерге қатысы жоқ);
  • жасалған шарттарға сай міндеттерді атқару үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы керек;
  • шарт жасасу үшін азаматтық құқыққа қабілеті болуы тиіс;
  • төлем қабілеті болуы керек, жойылуға қатысы жоқ, қаржылық-шарушылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілетіне сай тоқтамауы қажет;
  • сатушы жосықсыз сатушылар тізімінде болмауы тиіс;
  • техниканы өндіруші немесе дәрі-дәрмектерді, профилактикалық препараттарды, медициналық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфицияға арналған) мақсатта қолданылатын құрылғылар мен медициналық техниканы өндіруші немесе оның ресми өкілі дәрежесі бар болуы керек;
  • үш айдан астам уақыт бойы салықтық қарыз болмауы тиіс.

Коммерциялық ұсыныстардың ішінде келесідей мәліметтер қамтылуы тиіс:

  • КҰ нөмірі мен мерзімі, денсаулық сақтау ұйымының атауы және төлем шарттары;
  • КҰ мерзімі;
  • лизингтің толық уақытына берілген кепілдікті қызмет көрсету мерзімі;
  • жеткізілетін орны көрсетілуі (DDP);
  • медициналық техника бағасына әсер ететін аппараттың барлық бөліктерінің саны мен бағасы көрсетілуі;
  • техниканы жеткізетін уақыт нақты болуы керек, себебі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетімен лизинг төлемдерін өтеу уақыты техниканың жеткізілу мерзімімен байланысты;
  • медициналық техниканы жеткізер кезде шығын материалдарының алғашқы легі жеткізіледі (аппаратты іске қосу мен жөндеу жұмыстары үшін).

Медициналық техниканы сатушылар міндетті:

  • денсаулық сақтау ұйымдарына шығын материалдарға қатысты және олардың жылдық қажеттілігіне байланысты барлық ақпараты ұсынулары қажет, себебі келешекте лизингке алынған медициналық техникаға шығын материалдары өз қаражаттары есебінен алынады.
  • денсаулық сақтау ұйымдарына шығын материалдарының бағасы  туралы және олардың жылдық қажеттілігі жайлы толық ақпарат беруі керек, себебі лизингке алынған медициналық техникаға шығын материалдары ұйымдардың өз қаражаттары есебінен сатып алынады.

Сатушылар медициналық техникаға қатысты құжаттарды мұқият қарау керек:

  • Алғашқы тексерілген кезде сертификатты алар уақытта медициналық техниканың атауы тіркелген куәлікке сай болуын тексеру қажет; тіркеу куәлігін алар кезде медициналық техника атауының өндіруші мемлекеттің тілінде жазылған атауға сай толық аударылғанына назар аудару қажет;
  • Медициналық техниканы өндірушіге өтінішті әзірлеген кезде тіркелген куәлігі мен сертификаттағы атаулары бірдей болуына мән беру қажет;
  • Еркін аудармадан аулақ болу үшін сертификатты аударар кезде аудармашыға медициналық техниканың тіркеу куәлігін мемлекетік және/немесе орыс тілдерінде беру қажет.
Загрузка