Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары
«ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

ДК сайланған күні: 2024 жылғы 07 қараша (2024 жылғы 07 қарашадағы Жалғыз акционердің №769 шешімі негізінде)
Білімі: Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Қазақ гуманитарлық-заң университеті.

Еңбек жолы: Қызметін 1994 жылы Шымкент облысындағы «Победа» кеңшарында бастады. 1995–2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінде түрлі лауазымдарды атқарған. 2014 – 2024 жылдар аралығында «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылымында қызмет атқарған, соның ішінде Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы болып жұмыс жасаған.
Мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі үшін бірнеше ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталған: «Құрмет» ордені (2023 ж.), «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі (2020 ж.), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 және 25 жылдық мерейтой медальдары, Қаржы министрлігінің мерейтойлық медальдары. 

AI Website Generator