Баспасөз релизінің мұрағаты

«ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы және оның орынбасары Хавсемет Марат Алматы қаласында өткен KIHE 2025 – 30-шы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесіне қатысты.
Іс-шара денсаулық сақтау саласының жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, медицина және медициналық технологиялар саласында жұмыс істейтін отандық және халықаралық компаниялардың басын қосты.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы «Қаржы лизингі шарттарымен медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру» тақырыбында «Денсаулық сақтау инфрақұрылымы: әріптестіктер мен шешімдер» панельдік сессиясында баяндама жасады. Сессия барысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын орнықты дамыту, тиімді қаржыландыру механизмдері және заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

«ҚазМедТех» АҚ медициналық ұйымдарды лизинг негізінде жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ететін негізгі операторлардың бірі ретінде, мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті кеңейтуге басты назарға ала отырып, саланың одан әрі дамуына қатысты өз көзқарасын ұсынды.

Компания басшылығына аталған көрмеге қатысу әлеуетті серіктестермен бірқатар кездесулер өткізуге, келешектегі жаңа жобаларды талқылауға, сондай-ақ медициналық техника мен цифрлық шешімдер саласындағы соңғы инновациялармен танысуға мүмкіндік берді.

«ҚазМедТех» АҚ Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымның қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру бағытында жұмысын белсенді жалғастыруда, бұл өз кезегінде денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға және халыққа ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді.  

Алматы қаласында 2025 жылғы 19 мамырда Бірінші Қазақстандық «KazLeasing-2025» конференциясы аясында өткен қазақстандық лизингтік компаниялар кеңесіне «ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы қатысты.
Іс-шара еліміздің лизинг нарығының жетекші өкілдерін жинап, саланың қазіргі жай-күйін талқылауға, тәжірибе алмасуға және стратегиялық даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Конференция барысында саланы нормативтік реттеу, үдерістерді цифрландыру, сондай-ақ лизинг саласына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

Аталған ауқымды шараға «ҚазМедТех» акционерлік қоғамының қатысуы компанияның медициналық жабдықты лизингке беру саласын дамыту мен Қазақстанның қаржы – инвестициялық секторындағы әріптестік байланыстарды нығайтудағы белсенді ұстанымын айқындап отыр. 

«ҚазМедТех» АҚ-да 2025 жылғы 28 сәуірде корпоративтік басқаруды күшейту және инвестициялық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылған алқалы орган – Инвестициялық комитеттің алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі медициналық ұйымдарды медициналық техникамен жабдықтау үшін лизинг жобасын қарастыру болды. Комитет ұсынылған жобаға кешенді бағалау жасай отырып, жабдықтардың техникалық ерекшеліктерін, мәміленің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін, сондай-ақ әлеуетті тәуекелдер мен инвестициялардың әлеуметтік маңыздылығын жан – жақты талқылады.

Қаржының қайтарылуын қамтамасыз ету тетігіне, денсаулық сақтау мекемелерінің шығыстарын барынша азайтуға және импортты алмастыруға басымдық беруге ерекше назар аударылды.   

2025 жылғы 24 сәуірде «ҚазМедТех» АҚ Денсаулық сақтау технологияларын бағалау IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (HTA-2025) қатысты. Пленарлық сессияда Басқарма төрағасының орынбасары Марат Хавсемет «Қаржы лизингі шарттарымен медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыру» тақырыбындағы баяндамасын таныстырды. Баяндамада медициналық ұйымдардың қажеттіліктерін белсенді түрде болжаудың маңыздылығы аталып, лизинг тетіктері мен капиталдық шығындарды оңтайландыруды қамтитын және жабдық паркін жедел жаңартуға мүмкіндік беретін тарифтік бағдарламалар жайлы айтылды.   

«ҚазМедТех» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және медициналық жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 «Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және түсіндіру болды.
Іс-шара барысында ұсынылған түзетулерге жан-жақты талдау жасалып, нарық қатысушыларының мүдделеріне қатысты мәселелер қаралды. Бизнес өкілдері өз тараптарынан қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге қызығушылық танытып, медициналық ұйымдарды жарақтандыру талаптарының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес қауымдастығымен ашық диалогқа дайын екендіктерін және нормативтік құжаттарды әзірлеу мен өзектендіру кезінде барлық мүдделі тараптардың пікірін ескерудің маңыздылығына айрықша назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмысты конструктивті түрде жалғастыру, оның ішінде жобаның соңғы нұсқасында назарға алу мақсатында нарық қатысушыларының ұсыныстарын жинау туралы шешім қабылданды.  

2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың төрағалығымен қаржы лизингі шарттарында медициналық техниканы сатып алуды жүргізу, жоспарлау және ұйымдастыру мәселелеріне арналған онлайн кеңес өтті.

Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің, «ҚазМедТех» акционерлік қоғамының, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен медициналық ұйымдардың бірінші басшылары қатысты.

Кеңесте «ҚазМедТех» АҚ Басқарма төрағасы Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы баяндама жасады. Баяндамада лизингтік сатып алуларды іске асыру тетігін, медициналық ұйымдармен өзара әрекеттесу шарттарын және лизингтік төлемдерді өтеу алгоритмдерін жан – жақты таныстырды.

Сатып алудың жаңа моделі Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №112 бұйрығымен бекітілген өзгерістер аясында жүзеге асырылуда. Аталған өзгерістер медициналық техниканы бюджет қаражаты есебінен және МӘМС жүйесі шеңберінде лизингке алуға мүмкіндік тудырады, бұл өз кезегінде медициналық ұйымдарға ірі көлемдегі бір реттік шығындарсыз заманауи жабдықтарға қолжетімділік береді.
«ҚазМедТех» АҚ барлық кеңес қатысушыларына белсенділік пен ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, жобаларды одан әрі жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде толық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. 

Free AI Website Maker