Абылайханұлы Асылхан 

«ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

Білімі: 2008 жылы Қазақ гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы – Экономика ғылымдарының магистрі, Орталық Азия Инновациялық университеті.

Еңбек жолы: Еңбек қызметін 2008 жылы Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінде бас маман-заңгер ретінде бастаған.
2012–2024 жылдар аралығында денсаулық сақтау жүйесіндегі бірқатар ұйымдарда, оның ішінде облыстық денсаулық сақтау басқармасында, медициналық мекемелерде және «SENIM» кәсіптік одағында басшылық лауазымдарды атқарды.
2024 жылғы 19 қарашада «ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

AI Website Generator