Мұратов Тимур Мұратұлы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі
«ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы

ДК сайланған күні: 2024 жылғы 29 қараша (2024 жылғы 29 қарашадағы Жалғыз акционердің №827 шешімі негізінде)
Білімі:
Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» мамандығы бойынша бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.

Еңбек жолы: 2001–2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде еңбек етіп, уролог-дәрігер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары және бас дәрігер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарды. Атап айтқанда, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында және «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінде қызмет етті.
2024 жылғы 30 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
 

AI Website Builder