Мамыр 30, 2025
2025 жылғы 30 мамырда Шымкент қаласында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысы өтті. Осы іс-шара аясында «ҚазМедТех» АҚ Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл келісім өңірдегі денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамытуға және медициналық технологиялар саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.
«ҚазМедТех» АҚ медициналық ұйымдарды заманауи жабдықтармен және техникалық шешімдермен қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша мемлекеттік бастамаларды белсенді түрде қолдауды жалғастыруда.
Offline Website Builder