Маусым 04, 2025
«ҚазМедТех» АҚ мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ арасындағы кездесу: лизинг арқылы ОТӨ дамыту және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері
2025 жылғы 4 маусымда «ҚазМедТех» АҚ мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында лизинг тетіктері арқылы медициналық техника секторында отандық тауар өндірісін (ОТӨ) дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ қаржыландыру көздерін іздеу және одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары талқыланды.
Тараптар жеңілдетілген қаржыландыру тарту мүмкіндіктерін, лизингтік бағдарламаларды кеңейту жолдарын және медициналық техника өндірушілерді мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды талқылады.
Ішкі нарықта заманауи медициналық технологиялардың қолжетімділігін арттыру үшін даму институттары арасындағы серіктестікті дамытуға және өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Drag and Drop Website Builder