Мамыр 19, 2025

Бірінші Қазақстандық «KazLeasing-2025» конференциясы аясындағы қазақстандық лизингтік компаниялар кеңесі

Алматы қаласында 2025 жылғы 19 мамырда Бірінші Қазақстандық «KazLeasing-2025» конференциясы аясында өткен қазақстандық лизингтік компаниялар кеңесіне «ҚазМедТех» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхамеджанов Ғалымбек Қазбайұлы қатысты.
Іс-шара еліміздің лизинг нарығының жетекші өкілдерін жинап, саланың қазіргі жай-күйін талқылауға, тәжірибе алмасуға және стратегиялық даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Конференция барысында саланы нормативтік реттеу, үдерістерді цифрландыру, сондай-ақ лизинг саласына инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

Аталған ауқымды шараға «ҚазМедТех» акционерлік қоғамының қатысуы компанияның медициналық жабдықты лизингке беру саласын дамыту мен Қазақстанның қаржы – инвестициялық секторындағы әріптестік байланыстарды нығайтудағы белсенді ұстанымын айқындап отыр. 

Best AI Website Creator