Мамыр 22, 2025
22 мамыр 2025 Павлодар облысындағы «ҚазМедТех» АҚ таныстырылымы: медициналық техниканы лизингке алу мүмкіндіктері 2025 жылғы 22 мамырда «ҚазМедТех» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Аблайханұлы Павлодар облысының медициналық ұйымдарының басшылығына арнап таныстырылым өткізді.
Кездесу тақырыбы медициналық жабдықтарды лизинг шарттарында алу мүмкіндігі болды. Шара барысында медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын тез және тиімді жаңартуға мүмкіндік беретін лизинг тетігінің негізгі артықшылықтары таныстырылды. Кездесу қатысушылары «ҚазМедТех» АҚ ұсынатын қаржыландыру құралдарына қызығушылық танытып, одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.
Компания еліміздің өңірлеріндегі денсаулық сақтау ұйымдарын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы өз миссиясын жүзеге асыруды жалғастыруда.
Best AI Website Maker