Маусым 16, 2025
Қытай Халық Республикасына сапары аясында «ҚазМедТех» АҚ делегациясы Басқарма Төрағасы Ғалымбек Мұхамеджановтың жетекшілігімен фармацевтикалық өнімдер мен медициналық техниканы өндіруге және жеткізуге маманданған Қытайдағы ең ірі мемлекеттік компания - SINOPHARM корпорациясы басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.
SINOPHARM корпорациясы жаһандық нарықта елеулі орынға ие, ауқымды халықаралық желісі бар және 100-ден астам әлемдік медициналық техника, дәрілік заттар мен денсаулық сақтау тауарларын шығаратын компаниялармен әріптестік қарым-қатынас орнатқан ұйым.
Кездесу барысында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде медициналық техниканы лизинг шарттарында жеткізуді іске асыру үшін экспорттық-несиелік агенттіктермен өзара қарым – қатынасты дамыту мәселелері талқыланды. Мұндай тетік қазақстандық медициналық ұйымдарды тікелей бюджеттік қаржыландырусыз заманауи техникамен қамтамасыз етуге және саладағы тұрақтылық пен технологиялық жаңаруға қолдау береді.
Кездесуде инновациялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктеріне, технологиялық трансферге, сондай-ақ Қазақстанда медициналық инфрақұрылымды орнықты дамытуға бағытталған әріптестік форматтарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
HTML Website Builder