Сайынов Мұратбек Сайынұлы
Тәуелсіз директор
«ҚазМедТех» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
ДК сайланған күні: 2024 жылғы 07 қараша (2024 жылғы 07 қарашадағы Жалғыз акционердің №769 шешімі негізінде).
Білімі: Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген, «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2014 жылғы 21 тамыздағы №03-5.7 хаттамаға сәйкес Израильдегі Medical Research Center «Comet» мекемесінде «Медициналық қызметкер» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен. «Астана медицина университетінде» «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
Австрия, Danube University Krems оқу орнында «Patient Blood Management – Focus on Perioperative bleeding management» (қаңтар, қараша)
Еңбек жолы: 1999–2022 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласында кәсіби қызмет атқарған. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер, парамедик, сарапшы дәрігер және республикалық, қалалық медициналық ұйымдарда құрылымдық бөлімшелердің басшысы қызметтерін атқарған. Олардың қатарында: Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты, №1 Көпбейінді қалалық аурухана және «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бір мезгілде екі мекемеде қызмет атқарып келеді: «№2 Көпбейінді облыстық аурухана» ШЖҚ МКК–де Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы, «Көпбейінді медициналық орталық» ШЖҚ МКК–де анестезиолог-реаниматолог дәрігер.
No Code Website Builder