1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Дәл осы күні, 1991 жылы, бүкілхалықтық президенттік сайлау өтіп, оның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 98,7% қолдауына ие болды.
Бұл күн - Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы маңызды кезеңдердің бірі және де елімізде президенттік билік институтының негізі қаланған күн.