«ҚазМедТех» акционерлік қоғамы 2010 жылғы 23 қарашадағы №1238 Үкімет Қаулысына сәйкес «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында құрылған.
Қоғам қызметінің негізгі мәні лизинг шарттарымен одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып белгіленген.
Миссия
Денсаулық сақтау саласының тұрақты дамуына ықпал ете отырып, тиімді және икемді лизингтік бағдарламалар арқылы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Пайымы
Медициналық техникамен қамтамасыз етуде және оларды тиімді пайдалануда денсаулық сақтау субъектілері үшін ашықтық, әділдік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген сенімді серіктестік.
2000-нан астам техникалық сараптама
Ел бойынша 700-ге жуық денсаулық сақтау ұйымы
700-ге жуық медициналық техника бірлігі лизингке берілді
Әртүрлі операция түрлеріне арналған құралдардың кең ауқымын қамтиды: жалпы хирургиялық араласулардан бастап, мамандандырылған процедураларға дейін.
Ауруларды анықтау, олардың кезеңін белгілеу және оңтайлы емдеу әдісін таңдау үшін қолданылатын медициналық аспаптар мен құрылғылар жиынтығы.
Ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу үшін амбулаторлық қабылдау жағдайында қолданылатын медициналық құрылғылар мен құралдардың жиынтығы.
Шұғыл көмек көрсету, науқастың өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру және қолдау үшін арналған медициналық аспаптар мен құрылғылар жиынтығы.
Заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау – медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби дамуын айқындайтын негізгі фактор болып табылады. Алайда, құны жоғары медициналық жабдықтарды сатып алу елеулі қаржылық жүктемеге әкелуі мүмкін.
«ҚазМедТех» АҚ медициналық мекемелерге айтарлықтай бастапқы шығындарсыз озық технологияларды жылдам енгізуге мүмкіндік беретін медициналық жабдықтарды лизингке алудың тиімді шарттарын ұсынады.
Медициналық техника өнім берушілеріне арналған ақпарат
«ҚазМедТех» АҚ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қоғамның меншікті қаражаты есебінен медициналық техниканың қаржы лизингі жобаларын іске асыру кезінде медициналық техника жеткізушілерімен есеп айырысудың жаңа тәртібі қолданылатынын хабарлайды.
Есеп айырысудың жаңа тәртібі «ҚазМедТех» АҚ Басқармасының 2026 жылғы
30 маусымдағы № 31/26 «ҚазМедТех» АҚ меншікті қаражаты есебінен лизингтік жобаларды іске асыру кезінде медициналық техника жеткізушілерімен есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» шешімімен бекітілген.
Жаңа тәртіпке сәйкес, жеткізілген медициналық техника үшін жеткізушіге төлем 50%/50% схемасы бойынша жүзеге асырылады:
1. медициналық техника нақты жеткізіліп және растайтын құжаттарға қол қойылғаннан кейін медициналық техника құнының 50% мөлшеріндегі төлемнің бірінші бөлігі жүзеге асырылады;
2. жеткізілген медициналық техника құнының қалған 50% мөлшеріндегі төлемнің екінші бөлігі бірінші төлем жүзеге асырылған күннен бастап 6 ай өткен соң, шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Негізгі тәуекел факторлары және тәуекелдерді басқару жүйесі
«ҚазМедТех» АҚ 2025 жылғы қызметінің қорытындылары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
«ҚазМедТех» АҚ және Sinopharm ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады
«ҚазМедТех» АҚ-да Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өтті
«ҚазМедТех» АҚ KIHE 2026 стратегиялық пленарлық сессиясына қатысты
«ҚазМедТех» АҚ отбасылық құндылықтарды қолдауға, ата-ананы құрметтеуге және ұрпақтар сабақтастығына ерекше көңіл бөлінеді
«ҚазМедТех» АҚ 2025 жылға арналған даму Жоспарын іске асыру нәтижелері туралы
Қабанбай Батыр даңғылы, 11/5,
903-кеңсе, Астана 010000
08:30 - 17:30
Best AI Website Maker