Мамыр 16, 2026

«ҚазМедТех» АҚ 2025 жылға арналған даму Жоспарын іске асыру нәтижелері туралы

Аталған есепті кезеңде Қоғам өзінің негізгі қызметі шеңберінде бірқатар мақсатты индикаторларға қол жеткізді және оларды шегінен асыра орындады.

Операциялық қызмет және медициналық техникамен қамтамасыз ету:
 қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техниканың саны: жоспар бойынша - 12, нақты -15 (орындалу деңгейі 125%).
 қаржы лизингі шарттарында сатып алынған медициналық техникада көрсетілген медициналық қызмет жоспарының орындалу үлесі 100%-ға жетті.

Корпоративтік басқару және кадрлық саясаты:
 құрылымдық бөлімдердегі әйел басшылардың үлесі: жоспар бойынша – 30%, нақты көрсеткіш – 50% (орындалуы 166,6%).
 атқарушы органдардағы әйелдердің үлесі: жоспар бойынша – 30%, нақты көрсеткіш – 52,77% (орындалуы 175,9%).

Ақпараттық ашықтық және жариялылық:
 интернет-ресурста ақпараттық материалдарды жариялау: жоспар – 25 жарияланым, нақты – 32 (орындалуы 128%).
 «Ашық деректер» порталында деректерді орналастыру: жоспар – 20 жарияланым, нақты – 21 (орындалуы 105%).
«ҚазМедТех» АҚ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған стратегияны іске асыруды жалғастыруда. Қоғам өз қызметінде тиімді лизингтік бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, ашықтық пен тұрақты даму қағидаттарын қатаң ұстанады.

No Code Website Builder