Мамыр 18, 2026
Қашанда отбасы қоғамның негізі болып қала береді, ал қамқорлық, жауапкершілік және өзара қолдау өмірде де, кәсіби ортада да маңызды қағидат болып саналады.
Аналар күні, Халықаралық отбасы күні және Әкелер күні аясында Қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайтуға, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін арттыруға және отбасы институтына құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізілді.
«ҚазМедТех» АҚ кәсіби қызметін отбасына қамқорлық жасаумен және бала тәрбиесімен табысты ұштастырып жүрген қызметкерлерге алғысын білдіреді. Дәл осындай берік отбасылық құндылықтар сенім, тұрақтылық және жауапкершілікті қалыптастырады.
Барша отбасына амандық, зор денсаулық, өзара түсіністік және әр шаңыраққа жылулық тілейміз!
Free AI Website Software